Лагерьлер сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лагерьлер сын көтермейді

17.06.2019

  100 балаға 4 бөлке қара нан. Қызылорда облысындағы «Сыр ұланы» лагерінде  нанды балаларға санап береді. Ал «Жалын» демалыс орнында 90 балаға 1 келі ет бөлінген. Мұны «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы мониторинг кезінде анықтады. «Жалпы лагерьлердегі жағдай мәз емес» дейді жобалық кеңсе мүшелері. Асханалардың санитарлық жағдайы да сын көтермейді. Ғимараттар ескі, материалдық-техникалық базасы жаңармаған.  Балалардың демалыс орындарын өңірдегі тілшіміз көріп қайтты.  

  

   Бұл — Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагері.  Төсек орын жабдықтары әбден тозған. Асхана лас. Балаларға берілетін тағам құнарсыз, ас мәзірімен берілетін тамақ  сәйкес келмейді.  Шиеліде де осындай жағдай.  Балалардың мұнда келгеніне екі күн болса да, жеміс-жидек мүлдем жемеген.

 

-Алма жеген жоқпыз.

-Банан ше?

-Банан жоқ, жеген жоқпыз.  

 

  Тәтті шырын да жоқ. Нан  санаулы. 

-Екеуден береміз әр балаға.

-Мынау енді 100 балаға ма сонда?

Иә, ортасынан кесеміз.

 – Дұрыс қой, мына бір нанды 25 бала жей ма сонда?

 

  Лагерде бір ауысымда 100 бала демалады. Бөлме жетіспейді. Стоматологиялық кабинет жоқ. Тісі ауырған баланы қарсы бетте орналасқан мектептегі   дәрігерге апарады.  Ұйықтайтын бөлмелердегі кереуеттер бір- біріне жабысып тұр.  Өте тығыз қойылған.     Мұның  барлығы  лагерьдің жеке ғимаратының жоқтығы. Қазір  демалыс орыны 1999 жылы салынған балабақшаның бір бұрышында  орналасқан.

 

Шолпан Байжанова, «Сыр ұланы» лагерінің басшысы:

  Сигнализациямыз да, канализация да және электр энергиямыз да сол балабақшадан аламыз.  Бір жылға договорға отырып, арендаға отырамыз.

 

Барлық лагерьге тән проблема тамақтандыру мәселесі, санитарлық тазалық және өрт-дабыл жүйесі жұмыс істемейді.  «Ақмешіт-адалдық алаңы» осы тектес кемшіліктерді анықтап, жергілікті әкімдікке жеткізді. Ендігі ретте билік өкілдері шешім қабылдауы тиіс. 

 

Жандос Тұсмағамбетов, «Ақмешіт- адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі:

   Үйірмелердің жұмысы оң  жолға қойылмаған. Сонымен қатар үйірмелерді жүргізуге арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Лагерьге келетін балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Олармен де жұмыс жасау тәсілдері айқындалмаған.

 

Даудан кейін облыстық білім басқармасы арнайы жұмыс тобын құрды.  Өңірдегі барлық  тынығу  орындарына мониторинг жүргізілетін болды.

 

Мәди Бекмағамбетов, Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

     Сауықтыру орындарына сұраныс өте жоғары. Біз осы мақсатты шешу жолында кейбір лагерьлердің бөлмелерін ыңғайластырып, қосымша тағы жатын орындарын қосып, ата-аналардың сұраныс өтініші бойынша балаларды жазғы тынығумен қамтып жатырмыз.

 

  Биыл облыс бойынша 10 мың оқушы  лагерьде тынығады  деп жоспарланған. Алайда мына көріністен кейін ата-аналардың балаларын демалуға жіберуі екіталай.

 

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу