Премьер-министр шаруаларды ерте қаржыландыруды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов келер жылға егіс науқанына дайындықты қазірден бастауды тапсырды. Негізгі міндеттердің бірі – шаруаларды ерте қаржыландырып, көктемгі дала жұмыстарына қажетті ресурстарды алдын ала әзірлеу. Осыған орай «Бәйтерек» холдингіне қаржыны уақытылы бөлу міндеттелді. Өңірлер минералдық тыңайтқыш пен сапалы тұқым қорын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуы қажет. Биылғы өнімді қабылдау мен сақтау да назарда. Әсіресе Жамбыл және Жетісу облыстарында қант қызылшасын дер кезінде қабылдап, өңдеуді ұйымдастыру тапсырылды. Жұмыстың барысын Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақты бақылауда ұстайды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Президент тапсырмасына сәйкес мемлекет тарапынан аграрлық салаға айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді. Егін қаруашылығын орнықты дамытуға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған субсидиялық тетіктеріне баса көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын қолдау шаралары бөлінген қаражаттың көлемімен ғана шектеліп қалмай, ең алдымен нақты экономикалық нәтижені қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтуде.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20