«Алтын виза» иелеріне салық жеңілдіктері берілуі мүмкін
Қазақстанда Алтын виза иелеріне салықтық жеңілдіктер берілуі мүмкін. Президент Жарлығына сәйкес, жаңа мәртебе иелерін жеке табыс салығынан, жер және мүлік салығынан босату көзделген. Бұл жеңілдіктер олардың отбасы мүшелеріне де қатысты болады. Сонымен қатар Алтын виза иелері мен олардың отбасы мүшелерін табыс пен мүлік туралы жалпыға бірдей декларация тапсыру міндетінен босату жоспарланып отыр. Алтын виза Қазақстан экономикасына қажет шетелдік мамандарға арналған. Оны инвесторлар, бизнес өкілдері, жоғары білікті мамандар және инвестициялық жобаларға тартылған шетелдік жұмысшылар ала алады. Үкімет Алтын визаны іске асыруға қажетті заңнамалық өзгерістерді биылғы жылдың соңына дейін әзірлеуі тиіс.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Энергетиктің әсері мен әлегі
22.11.2026, 20:30
Шоттан шыққан сот: 400 дроппер түрмеде отыр
22.11.2026, 20:22
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:16
Құрылыс қарқынына отандық өндіріс ілесе ала ма?
22.11.2026, 20:10
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00