Басты Жаңалықтар Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған

Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Біріккен Араб Әмірліктеріне жасырын барып, президент Мұхаммед бен Заидпен кездескен. Кейбір мәліметтерге қарағанда кездесу Әбу-Даби әуежайында өткен. Израиль премьерінің сапарын Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми ақпарат агенттігі растады. Тараптар екіжақты қатынастарды нығайту жолдарын талқылады деп хабарлады. Алайда Associated Press агенттігінің мәліметінше, Нетаньяхудың көздегені басқа. Ол бен Заидтен Біріккен Араб Әмірліктері Израильді Хамас-тың 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылын 1 апта жарым уақыт бұрын ескерткенін жоққа шығаруды сұрау үшін жеке өзі барған. Хамас-тың шабуылы алдын ала ескертілгені туралы ақпаратты осы айда алғаш рет Израильдің «Хаарец» газеті жазды. Ал Нетаньяху басылымды сотқа беруге уәде етті.  


Бөлісу