Басты Жаңалықтар Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды

Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды

Астанада вандализм жасаған 143 азамат жауапкершілікке тартылды. Жалпы, биыл қоғамдық орындарды ластау бойынша 900-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық жасалған. Қалада аялдамалар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, мүсіндер мен абаттандыру нысандарын бүлдіру фактілері тіркелген. Құқықбұзушылардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Полиция көшелерді патрульдеп, бейнебақылау арқылы тәртіп бұзушыларды анықтап жатыр. Құқық қорғаушылар заңды елемегендерге әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал кәмелетке толмағандардың әрекеті үшін ата-аналары жауап беретінін ескертеді.


Бөлісу