«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы жарық көрді

10.07.2014
«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы жарық көрді

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  жаңадан кәсіп ашқан немесе ашсам, деп жүрген азаматтарға арнап, «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығын жасап шығарды.

Бұл әдістемелік кітапшада 100-ге жуық бизнестің түрі көрсетілген. Сізге кәсіптің қай түрін ашқан дұрыс? Ол жағынан да көмек береді.

 Мәселен, наубайхана ашпақ болдыңыз. Бұл бизнесті қанша ақшамен бастау керек, керек-жарақты қайдан алу қажет, бұл бизнес-жоба өзін қашан ақтайды, тауарды өткізудің жолдары қандай? Кітапшада осы сұрақтардың барлығы түсіндірілген.

Нұржан Әлтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Бұл өте оңай. Ауыл тұрғындарына да үлкен  көмек болады деп ойлаймыз. Жастарға бизнесін бастауға серпіліс береді.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу