100 жаңа оқулық – жастардың игілігіне

23.09.2019

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып келеді. Жоба студенттерге заманауи білімге қол жеткізіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Гуманитарлық бағыттағы әлемдегі ең үздік 100 оқулық қазақ тіліне аударылды. Бұл бұрын-соңды болмаған бастама. Алғашқы 49 данасы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті кітапханасында.  

Ақмарал Қазыкешова, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «БжКМ» мектебі доценті:

Біз өте қуаныштымыз. Әсіресе, экономикалық мамандықтарға арналған биыл, міне, 11 кітап жарық көрді. Таптырмайтын құралдар. Медиамаркетинг, журналистикаға байланысты, стратегиялық менеджмент, бұның барлығы қазақ тілінде болғандығына өз басым қуаныштымын.


Хабарламаларға жазылу