Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығарған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» жинағы кәсіпкерлікке жол ашуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығарған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» жинағы кәсіпкерлікке жол ашуда

26.06.2015
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығарған   «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» жинағы кәсіпкерлікке жол ашуда

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  жарыққа шығарған  «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптың шарапаты талай жанға тиюде. 

Айтулы мамандар «түрлі саладағы кәсіптің дайын бизнес-жоспарлары жазылған анықтамалық жинақтың пайдасы зор»,- дейді. 

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының ондаған тұрғыны осы кітаптың көмегімен өз істерін ашып, ауылдастарын да жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

Жас кәсіпкерлерге көмегі көп кітап жарыққа шыққаннан бері Шығыс Қазақстан өңіріндегі Кәсіпкерлер палатасының өкілдері халық арасында кең насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде шалғай ауылдарда шағын кәсіпкерлікпен айналысуға бел буғандардың саны артқан.  

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу