«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтамалық жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтамалық жарыққа шықты

28.07.2014
«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтамалық жарыққа шықты

 

Жамбыл облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы ауылдық аймақтарда «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтамалығын таныстырды.

Палата сарапшылары, банктер, даму қорлары және сервистік компаниялардың өкілдерінен құрылған үгiт-насихат тобы ауылдық жерлерді аралып шықты. Барлық ауылда анықтамалықтың тұсаукесері өтті.  

Кәсіпкерлер анықтамалыққа қызығушылық білдіріп отыр. Себебі, жинақ ауылдық жердегі шаруашылыққа бағытталған. Әрі өсімдік және мал шаруашылығына арналған тараулармен арнайы мамандар жұмыс істеген.

Әр аудандық орталықта сарапшылар жобаны іске асырудың жолдары туралы түсініктеме беріп, кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сауалға жауап ала алды.

Хабарламаларға жазылу