«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптың пайдасы мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптың пайдасы мол

06.09.2014
«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптың пайдасы мол

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы  жарыққа шығарған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптың шарапаты талай жанға тиіп отыр.

Ержан Ершенев пен Жандос Күшікпаев түрлі жиһаз жасаудың хас шебері. Бұл іспен айналысқандарына 7 жылдан асыпты.

Кәсіпкерлер алдағы уақытта цехты бұдан да кеңейту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алмақ.

Бір саламен ғана шектелмей, кітаптағы тағы бір бизнес жоспарды іске асырмақ.

Бүгінде осы кітапты пайдаланып, тек Көкпекті ауданының 10-нан астам тұрғыны түрлі салада жаңа іс бастауға ниет білдіріпті. 

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу