Қазақстандағы шағын компаниялар саны 203 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы шағын компаниялар саны 203 мыңға жетті

13.06.2015
Қазақстандағы шағын компаниялар саны 203 мыңға жетті

2015 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша несие портфелі 12,1 триллион теңгені құрады. Оның 15,5 пайызы - шағын бизнеске арналған несиелер.

Өткен жылы шағын бизнес көлемі екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелінің 12 пайызын құраған.

Сәуір айында шағын кәсіпорындарды несиелендіру бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау (35,1 миллиард) және Алматы (19,7 миллиард) облыстарында тіркелген.

Бизнес-тіркеуіштердің мәліметі бойынша, сәуір айында жұмыс істеп тұрған шағын компаниялар саны 6,9 пайызға өсіп, 203,4 мыңға жеткен.

Компаниялар саны бойынша үш көшбасшы аймақ - Алматыда - 54 мың, Астанада - 26,8 мың және Алматы облысында - 9,8 мың шағын компания тіркелген, деп хабарлайды ranking.kz.

Хабарламаларға жазылу