Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты. Қаржының басым бөлігін яғни, 470 миллиард теңгесі «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы бөлінеді. Оның ішінде «Қазақстан даму банкі» арқылы жұмсалатын 8 миллиард теңге отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға және сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. 95 миллиард теңгеге «Қазақстан даму банкі» желісі бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында экспорттаушыларды қаржыландыру жалғасады. 125 миллиард теңге өңдеу өнеркәсібін қолдауға бөлінген Ұлттық қор қаражатын қайта үлестіру үшін қарастырған. Сөйтіп, экспортты қаржыландыру көлемі 3 жылдың ішінде 300 миллиард теңгені құрамақ.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Қазақстанның экспорт желісі бойынша, «Қазақстан экспорт» компаниясын капиталданыруға қарастырлған 68 миллиард теңгенің 34 миллиард теңгесі 2019 жылдың 29 наурызында алынған. 2020 жылы қосымша 34 миллиард теңге түседі. 102 миллиард теңгені «Қазақ экспорт» міндеттемелері бойынша, мемлекеттік кепілдендірілген лимитте бөлуге көзделген.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ