Елордада Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді. Майдангер қарттарға отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Отан деп соққан жүрегі» атты концерт қойылды.
Мерекелік кеште отты жылдары ел қорғауға аттанған сарбаздар жайлы қойылымдар қойылып, сол дәуірдің жанды тебірентер әндері шырқалды. Осылайша, ұйымдастырушылар соғыс ардагерлерінің айбынды ерлігін үлгі ете отырып, бүгінгі жас Отан қорғаушылардың бойына патриоттық сезім ұялатуды көздеген. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында қазір Отан соғысының 71 ардагері, 3 мыңнан аса тыл еңбеккері бар.
Маржан Арапбаева, әнші:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үлкен рақмет. Иіліп басымды иеміз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Тарихта болған, ол кісілердің басынан өткен жағдайды біз ешқашан ұмытпауымы керек.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ