Алматыда 3700-ден астам көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 3700-ден астам көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берді

26.04.2019

Соның 700-ге жуығына төлем жасалды. Құжат қабылдау үдерісі жалғасуда және азаматтарға электронды қызмет арқылы жедел қызмет көрсетілуде.

Айта кетейік, Алматы қаласында 14,5 мыңнан астам көпбалалы отбасы болса, соның 5 мыңы аз қамтылғандардың санатында. Қазіргі уақытта, жәрдемақыдан тыс, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың 20 кешенді іс-шарасы іске асырылуда. Мәселен, «Бақытты отбасы» қоры тұрмысы төмен тұрғындарға бір реттік қаржылай көмек береді, сонымен қатар азық-түлік пен киім-кешек алуына жәрдем жасайды. Осы уақытқа дейін, мыңнан астам отбасыға әртүрлі деңгейде әлеуметтік әрі материалдық тұрғыда қолдау жасалыпты.

Жуырда бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейтін арнайы орталық ашылмақ. Ол жерде көпбалалы және табысы төмен азаматтарға тегін психологиялық, құқықтық көмек жасалмақ. Компьютер тілін меңгеруге, кәсіп негіздерін оқуға жәрдемдеседі. Жаңа әлеуметтік бағдарлама аясында, 200-ден астам отбасыға пәтер кілттері табысталмақ. Көпбалалы аналармен болған кездесуде, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары кеңінен талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Алматы қаласы аналарды қолдау бойынша алда келеді және оны республикаға үлгі етуіміз керек деп есептейді.

Хабарламаларға жазылу