Қызылордада көші-қон тәртібін бұзған 622 шетел азаматы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көші-қон тәртібін бұзған 622 шетел азаматы анықталды

16.04.2019

Оның 28-і сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, осы шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 56 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды. Көші-қон қызметкерлерінің айтуынша, қазір құрылысқа өзбектер арзан жұмысшы күші ретінде кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ, базарларда сауда-саттықпен айналысу үшін келетіндер де көп. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде мигрант мәселесі ушыға түседі. Сондықтан полицейлер қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Осыдан екі ай бұрын облыс орталығында көші-қон қызметтері орталығы ашылған болатын. Бұл да аймаққа келетін мигранттардың құжаттарын оңтайлы заңдастыруда өте тиімді болып тұр.

Аруын Жолдасбаев, облыстық Көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

- Былтырғымен салыстырғанда биылғы көрсеткішіміз төмен. Себебі осы орталықтың ашылуына байланысты және өзіміз күнделікті профилактикалық іс-шара жүргіземіз. Соның арқасында биыл заңсыз жүрген шетелдіктер азайып отыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу