Жалпыұлттық аза тұту жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты. Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.
Польшада сенбіде Краков қаласының орталық алаңында атыс болып, алты адам қаза тапты. Тағы 16 адам ауыр жараланған. Екеуі - полиция қызметкері. Зардап шеккендердің арасында Австрия, Германия, Португалия, Ресей және Ұлыбритания азаматтары бар. Қайғылы жағдайға байланысты елде екі күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктінің адамдарға оқ атуы оның әсіре оңшыл ұстанымымен байланысты болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы