Өскеменде онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолданатын кәсіпкерлер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолданатын кәсіпкерлер көбейді

16.04.2019

Өскеменде онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолданатын кәсіпкерлер көбейді. Заманауи қондырғылар түбіртектегі барлық ақпаратты автоматты түрде салық органдарының деректер қорына жіберіп тұрады. Нәтижесінде бизнес өкілдерінің төлейтін міндетті салық мөлшері бірден есептеледі.

Салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілендіру бойынша жобаны бірінші болып «Достық» сауда үйі қолдаған. Мемлекеттік кірістер департаменті бұл жердегі кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізіп, ақпараттық тақта орнатты. Сауда орындары заманауи кассалық машиналармен қамтамасыз етілген соң, төленетін салық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көбейді.

Алмас Алашпаев, Өскемен қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда салықтың түсімі де көбейді. Бұл базарда пост терминалдар орнатылған. Осы жылдың аяғына дейін бүкіл салық төлеушілер осы онлайн бақылау машиналарына өтуі тиіс. Сондықтан жылдың соңына дейін бұл жұмысты жалғастырамыз.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу