Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану - өнімнің сапасы мен көлемін арттырады
Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану - өнімнің сапасы мен көлемін арттырады. Алматылық ғалымдар дронмен, яғни қашықтықтан басқарылатын ұшу апараты арқылы төрт түлікті бақылауды енгізбекші. Бұдан басқа да осы заманға сай технология аз емес. Алайда, оның игілігін шаруалар көріп жүр ме? Тілші Нұрлан Асқарұлының материалы.
Нұрлан Асқарұлы, тілші:
Қазір инновациялық технологиялар шаруалардың жұмысын жеңілдетуде. Мәселен, мына дронмен қойды алыстан бақылауға болады. 10 шақырым қашықтықта отырып жайылымды, төрт түлікті бақылай аласыз. Бұл жылдың төрт мезгілінде де ұшуға қолайлы. Сондықтан еліміздегі шаруалар қазір осы технологияны қолданып жатыр.
Бұл жаңа туған қозылардың далада қалып қоймауын, қойдың жан-жаққа жайылып кетпеуін қадағалау үшін тиімді, дейді мамандар. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегі Давид Камилов қашықтықтан басқарылатын ұшу апаратын толық меңгеріп алған. Енді ол бұл әдісті қойшы, бақташыларға үйретпекші.
Давид Камилов, қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері:
Қазір әлемнің дамыған елдерінде ауыл шаруашылығында дронды мал бағуға айналдырып жатыр. Бізге бұл мониторинг жасп, жайылым жердегі шөптің шығымын анықтауға көмектеседі.
Кейінгі жылдары аграрлық салада ғылым мен өндірістің арасы алшақтап кеткені белгілі. Оған ғылым мен өндірістің арасындағы қарым-қатынасының үзілгені себеп болған. Сондықтан, бұл мәселені ескерген Қазақ мал шаруашылығы институты осы алтын діңгекті қайта жалғауға күш салып жатыр.
Нұржан Жұмаділлаев, қазақ мал-шаруашылығы және жем-шөп өндіру институты бас директорының орынбасары:
Бүгінгі жиынның мақсаты - ғылым мен өндірістің байланысын көрсету үшін. Бүкіл фермерлерді ғалымдарды бәрін бір жерге жинап, өзіміздің жетістіктерді көрсетіп, олардың бастарын біріктіріп бір арада сондай не болсын дедік сұхбат.
Алайда, жаңа технологияның игілігін шаруалардың бәрі көріп жатқан жоқ. Өйткені, қазір қазақ даласында ірі қараның саны 7 млн болса, 18 млн қой бар. Жылқы - 2 млн. Ал, түйенің нақты саны туралы ақпарат жоқ.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы