Басты Жаңалықтар Биыл солтүстік аймақтарда жердің ылғалдығы өте жоғары

Биыл солтүстік аймақтарда жердің ылғалдығы өте жоғары

Биыл солтүстік аймақтарда жердің ылғалдығы өте жоғары. Шамамен 1 метрге дейін жетеді. Мамандардың айтуынша, бұл мол астық алуға мүмкіндік береді. Осы ретте, диқаншылар ғылыми-өндірістік орталықтардың дерегіне сүйеніп, көктемгі егіс науқанына қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Мәселен, «Бараев атындағы Ауылшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» нақты егіншілік жүйесін енгізудің бағдарламасын әзірлеген және жергілікті жердегі шаруалармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Яғни, аз шығын шығарып, көп өнім алу кімге болмасын тиімді.

Сондықтан, алқаптарды цифрландыру және заманауи суару тәсілдерін енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқырылуда деді ғылыми-орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев.

Оның айтуынша, инновациялық агротехнологияны игеріп қана қоймай, оны шаруашылық қызметкерлеріне үйрету үдерісі жүріп жатыр.

Кенже Абдуллаев, «А.И.Бараев атындағы АШӨҒО» ЖШС бас директоры:

Ауылшаруашылығында істеп жатқан жігіттерге әдейі жасап жатырмыз. Үкіметтің арқасында бұған қаржы бөлініп барлық шаруалар келіп көруіне болады. Біз өткен жылы да көрсеттік, биыл да көрсетеміз. Шетелге барып келуге қаржысы жоқ, сол себептен біз өзіміздің 3 мың гектар алқапта көрсетіп жатырмыз.

Ербол МӘНДІБЕК

Бөлісу