Павлодар полициясының жеке құрамындағы үздіктер марапатталды. Бірақ сержанттар мен офицерлер емес, медальдар салтанатты түрде қызметтік иттерге тапсырылды. Қоғамдық тәртіп сақшылары олардың көмегімен 160-тан аса қылмысты ашқан. Одан бөлек, есірткі сатуды кәсіп қылған 35 адамды ұстады.
Негізі Павлодар - еліміздің құқық қорғау саласында кинология қызметін ең соңғы ашқан аймақ. Қазір жеке құрам сапында әр тектес тұқымнан 29 ит бар. Олар қашқынды қуып жетіп тоқтату, батқан адамды судан алып шығу және есірткі іздеу бойынша машықтанады.
Қуанышбек Қабжанов, Полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының бастығы:
- Рио атты қызметтік ит бізде өте үлкен партияны ұстап берді. Екібастұз қаласында 3 мың гараж болды, соның ішінен 355 келі кептірілген марихуана жасырылған 1 гаражды тауып берді.
Болат АМАНБАЕВ