Ақмола облысында еліміздегі алғашқы мал дәрігерлік қызмет көрсету және оқыту орталығы ашылды. Оның басты міндеті сүт өндірісінің өнімділігін арттыру. Қазір Қазақстанда орта есеппен бір сиырдан жылына 4000-4200 литр өнім алынады.
Ал ауыл шаруашылығы жақсы дамыған елдерде жылына 8 жарым мың литр сүт алынады. Орталық шаруашылықтарға ветеринарлық көмек көрсетеді. Малды асылдандыруды қолға алмақ. Сондай-ақ, қорек дайындау ісінде ұсынымдар әзірлейді. Мамандарды оқытуда қамтылған. Себебі қазір білікті мал дәрігерлері тапшы. Әзірге орталық 10 шаруашылықпен әріптестік орнатты. Жыл соңына дейін тағы осындай екі орталық ашу көзделген.
Тимур Нахипбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Орталықтың негізге мақсаты - осы кластерге кіретін шаруа қожалықтарына, сүт қожалықтарына бір деңгейлі, еуропалық деңгейдегі қызмет көрсету ветеринария жағынан. Сонымен қатар, оның жем-шөп базасы бар, сонымен жұмыс жасау. Сол арқылы әрбір сиырдан алынып отырған сүттің өнімділігін арттыру.
Ермек ЕЛБЕРГЕН