Тасқын судан қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын судан қауіп жоқ

11.04.2019

Елде су басу қаупі жоқ. Осылай деген Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, жағдай жіті бақылауда екенін айтты. Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарда төтенше жағдай тіркелген жоқ.

Яғни, қызыл судан ауыл-аймақ аман. Бұған дейін қауіп төндірген өзен-көлдердегі су деңгейі төмендеген. Десе де, жаман айтпай жақсы жоқ, жауаптылар құрал-сайманын сайлап, кез келген оқыс жағдайға сақадай-сай.  Ел аумағында қауіпті учаскелерде 9 мыңнан астам метр уақытша бөгеттер салынып, 65 мың дана инертті материалы бар қаптар жиналды. 1,6 млн текше метр су сорылған.

Владимир Беккер  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Қазір, жер-жерде су деңгейін ұдайы бақылауда ұстап отырмыз. Анау айтқандай қауіп жоқ. Өзен-көлдердегі мұздар бір аптаның ішінде еріп бітеді деп болжап отырмыз. Біздің мамандар республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүйелі жүргізіп жатыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу