Полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бірлесіп өткізген рейд нәтижесі осындай. Үйлердің көбі жеке секторда орналасқан және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай емес.
Өңірде барлығы 265 мыңнан астам баспана тіркелген. Жедел алдын алу шарасы кезінде 35 мыңға жуық жер үй мен пәтер тексерілді. Бүгінде ресми мәліметтерге сәйкес, жалға берілген 1300-ден астам баспана бар. Құқық қорғаушылар 197 пәтердің заңсыз, яғни салық органдарында тіркелмей жалға берілгенін әшкереледі.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
- Рейд барысында тұруға жарамсыз 33 баспана анықталды. Тексеріс нәтижесі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық түрлі есепте тұрғандар тексерілді. Іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН