Аса ауыр емес қылмыстарды қайталап жасағандарға жаза күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аса ауыр емес қылмыстарды қайталап жасағандарға жаза күшейеді

09.04.2019

Қазақстанда қылмыстық істердің саны азайды. Қылмыстық процесті ізгілендіру бойынша атқарылған жұмыстарға қорытынды жасаған ҚР Бас прокуроры орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді. Былтыр қылмыстар 8 пайызға, соңғы 3 айда тағы 6 пайызға азайған. Ауыр қылмыс жасағандардың саны 10 пайызға төмендеген. Ізгілендіру деген барлық қылмыс үшін жазаны жеңілдету емес, керісінше, жазаны күшейту арқылы құқық бұзбауға ынталандыру. Ұрлық, бөтеннің мүлкін иемдену, алаяқтық сияқты аса ауыр емес қылмыстарды бірнеше мәрте қайталағандарға жаза қатаңдайды.  

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:  

Ізгілендірудің жалғасы болады. Өйткені, өмір бір орында тұрмайды. Әрқашан жылжып отырады. Сондықтан, біз де жаңа әдістер, жаңа тәжірибелер жинақтап жатырмыз. Оларды істе қолдануымыз керек. Оның бәрі біріншіден, халықтың құқығын қорғау және сол арқылы қоғамның қауіпсіздігін күшейту.  

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу