«Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы». «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған жобалар жүзеге аса бастады. Бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысына барып, осы бағытта атқарылып жатқан істермен танысты.
Әсем Темірғалиева - 4 баланың анасы. 2 перзенті туғаннан сырқат. Күйеуінің табысы пәтер алуға деп жинауға жетпейді. Олар бірнеше жылдан бері әкімдік берген баспанада тұрып жатыр. Оны өз атына аудары үшін 1 миллион теңге тұратын пәтердің қалған құнын төлеу керек. Бұл мәселе «Нұр Отан»партиясының «Бақытты отбасы» жобасы арқылы шешілді.
Әсем Темірғалиев, көпбалалы ана:
Алғысым шексіз. Бүгін біздің отбасы үшін ерекше күн болды. Көмектескен барлық азаматтарға рахметімді айтамын. Біздің назардан тыс қалдырмайтын Елбасымызға алғыс. Көпбалалы аналарға арналған барлық міндетті төлемдерді уақытылы аламын. Енді, құжаттарды рәсімдеп, пәтерді меншікке алуды реттеумен айналысамыз.
«Бақытты отбасы» жобасы - көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған жанұялардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған. Ал «Халыққа көмек» жобасы партияның қоғамдық қабылдау қызметін жетілдіруге бағытталған.
Бірыңғай әлеуметтік терезе түрінде тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдайды. Ақмола облысында жоба аясында 431 өтініш түсіп, оның 43 пайызы оң шешілген. Сұрақтардың басым көпшілігі, яғни 35 пайызы баспанаға қатысты.
Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Осы жобаны жариялағаннан бері 2400 осындай өтініштер партиямызға келіп түсті республика бойынша. Сол өтініштердің бүгінде 40 пайызы шешілді.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жақында ғана тасқын судан зардап шеккен көкшетаулықтармен де кездесті. 2-сәуір күні шаһарда 5 үйді су басып қалған еді.
Амангелді Смайылов, Көкшетау қаласының әкімі:
Су басқан үйлерді сүру туралы шешім қабылданды. Бұл үйлерді бұзу бұрыннан көтеріліп келе жатқан сұрақ. Баспаналар бағаланады. Сол бағамен иелерінен сатып аламыз. Бұл жерде қоғамдық көліктің соңғы аялдамасын орналастыру жоспарымызда бар.
Сәуле Қапарова, қала тұрғыны:
Кеше өтемақы рәсімдедік, бүгін ақша түсу керек. Әкімдік уақытша пәтер жалдап берді. Көкмек үшін үлкен рахмет. Құтқарушылар су сору жұмыстарын жалғастыруда, Баспананы кептіріп жатыр. Үймізді бұзады дейді, қарсы емеспіз. Үмітпен күтеміз.
Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес, аймақтардағы инфрақұрылымды жақсартып, өмір сүру сапасын жоғарылату үшін «Құтты мекен» және ауылды көркейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған «Ауыл - ел бесігі» жобалары жүзеге аспақ.
Ермек ЕЛБЕРГЕН