Павлодарда биыл 100-ге тарта жас отбасы баспанамен қамтылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда биыл 100-ге тарта жас отбасы баспанамен қамтылмақ

05.04.2019

Павлодарда биыл 100-ге тарта жас отбасы баспанамен қамтылмақ.   «JAS SHANYRAQ» жобасы аясында жастарға пәтер қолжетімді бағамен беріледі.  Павлодарда қазір тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек коммерциялық мақсатта салынып жатқан үйлер бар. Осындай бірқатар жобалар ірі кәсіпорындардың үлес қосуымен іске асуда.  Сондықтан қалалық әкімшілік жүйеқұраушы 4 кәсіпорынмен меморандумға қол қойды. Бұл құжат компанияларды жастарға нарықтағы бағадан арзан баспанамен қамтуға міндеттейді.   

Саян Мұқанов, қала әкімінің орынбасары:

«Павлодарэнерго» компаниясы нарықтағы 1 шаршы метрге бағаланған бағадан төмен, яғни, 150 мың теңгеге дейінгі бағамен бермекші өздерінде қызмет ететін жастарға және жас отбасыларына. Ал, «HAGI-Павлодар» компаниясы 1 шаршы метрды өзінде істейтін жастарға 130 мың теңге төңірегінде ұсынып отыр. Сонымен қатар, 3 жылға дейін бөліп төлеу жеңілдігін ұсынып отыр.

Болат АМАНБАЕВ     

Хабарламаларға жазылу