Қазақстанның астық экспорттау картасы кеңейіп жатыр. Себебі, әлемде бидай өндірісі төмендеуде. Халықаралық одақ биыл астық жинау 735 млн тонна, яғни былтырдан 28 млнға аз,-деп болжап отыр. Бидай саудасы178 млн тонна, яғни, 5 млнға кем, деген дерек келтірді.
Нәтижесінде еліміздің бидайын тұтынатындар қатары толыға түсті. Бұл біріншіден өнім сапасының жақсы екенін білдірсе, екіншіден, диқандардың дамылсыз еңбегін дәлелдейді. Сонымен, бізден Әзірбайжан, Грузия және Иран сияқты мемлекеттер астық алуды қайта жандандырды. Ал Қытайға енді қаппен емес үлкен көлемде тасымалдайтын болдық.
Сәбит Қашқымбаев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының басқарушы директоры:
Экспорт тұрғысынан жыл жетістікке толы болды. Біздің болжамымызша тасымал көлемі 10 млн тоннадан асуы тиіс. Былтырдан 500-600 мың тоннаға артық. Әзірбайжан, Грузияға шықтық. Қытайға экспортты жоғарылаттық. Ал алдағы науқанға баға беруге әлі ерте. Дегенмен өндіріс еселенетініне бек сенімдіміз.
Нысаналы ЫҒЫЛ