Алматыда жас суретші Аянат Халелдің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас суретші Аянат Халелдің көрмесі ашылды

05.04.2019

Оған қылқалам шеберінің түрлі бағыттағы 70-тен аса туындысы қойылды. Он бір жасар оқушы  сурет салуды төрт жасынан бастаған. Сондықтан, оның таңдаған тақырыптары да әралуан. Кәсіби мамандардан тәлім алған ол сурет бояулары мен композиция жанрларын жетік меңгерген.

Әлемдік көрмелерде ел абыройын асқақтатып, өнерін танытып жүрген жастың еңбегін белгілі суретшілер жоғары бағалады. Себебі, кішкентай қыздың бойында шығармашылық шабыт, өмірге деген құштарлық  бар, - дейді олар.

Аянат Халел , жас қылқалам шебері:

Мен тауларды табиғатты және неше түрлі өсімдіктерді салғанды ұнамтамын.  Қазір маған портретте пейзаж да екеуі де маған бірдей. Мен  неше түрлі теңіз суларын және де өзен көлдерді салған маған қызық болады. Ол жердегі толқындарды бейнелеу маған өте қызық. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу