Павлодарда табиғатты қорғауға арналған ауқымды шара басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда табиғатты қорғауға арналған ауқымды шара басталды

05.04.2019

Бүгін ол облыс орталығында «Саябақтар шеруі-2019» деген атаумен басталды. Жасыл жейде киген 200-ден аса жастар мен жеткіншектер қала көшелерімен сап түзеп өтті. Жұртшылықты қоршаған ортаға жаңашырлық танытуға шақырды. Өздері бас болып, 200-ден аса қарағай көшеттерін отырғызды. Дерекке қарағанда,  Павлодар облысының Шалдай, Бесқарағай шаруашылықтарындағы қылқан жапырақты орман,  әлемде Канадада ғана бар екен. Сондықтан, мемлекет тарапынан табиғат байлығын ел иглігіне айналдыру үшін мейлінше  күш салынуда.

Ринат Нұрғазин, «Ертіс орманы» табиғи резерваты директорының орынбасары:

Орманымызды молайту шеңберінде 2028 гектар жоспарланған. Бірақ біз бұл жоспардан тыс 500 гектардан аса ағаш отырғызамыз. Бір гектар жерге 4444 ағаш отырғызылады. Жұмыстарды атқару үшін Шарбақты ауылының 1000-ға жуық жергілікті тұрғындарын қабылдаймыз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу