Ақтөбеде елімізде баламасы жоқ жылыжай кешені  пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде елімізде баламасы жоқ жылыжай кешені  пайдалануға берілді

05.04.2019

Мамандардың айтуынша,  одан шыққан өнім халықаралық  талаптарға толық  жауап береді. Бұл жолы жылыжай кешенінің алғашқы кезеңі ашылды. 2021 жылға дейін тағы екеуі іске қосылады. Биыл үш мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Ашылу салтанатымен қатар мұнда алғашқы жиынтерім де басталды.

Енді таяу күндері ірі дүкендер желісі арқылы ақтөбелік тұтынушыларға жеткізіледі. Нысан соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған.  Жалпы аумағы 22 гектарға жуықтайды. Жобаға голландиялық инвесторлар 20 млрд. теңгеден астам қаржы салды.  Өнімнің сапасы да халықаралық талаптарға сай.  Бұл жерде өсірілетін қызанақ пен қиярды Ресей мен Қытайға экспорттау көзделіп отыр. 

Дирк Ян Коп, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Бұл нысан жаңа технологиямен жұмыс істейді.  Әдеттегі жылыжайлардан 20 %-ға тиімді.  Сәйкесінше,  алынатын өнім де өте мол болады.  Алдағы уақытта осы аумақта төрт блоктан тұратын тағы 4  жылыжай салынады. Қосымша 20 млн.  еуро қаржы қарастырылады.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу