Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алатын студенттер енді 7 ай өндірістік тәжірибеден өтеді
Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алатын студенттер бір ай емес, енді 7 ай өндірістік тәжірибеден өтеді. «Бұл бастама болашақ жас кадрлардың білім деңгейін шыңдау үшін маңызды», - дейді ғалымдар.
Осы және өзге де мәселелер жөнінде Алматыда өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтың 70 жылдығына арналған алқалы жиында айтылды.
Қатысушылардың пікірінше, қазір аудиториялық білімнен бөлек, тәжірибеге көп мән берілуі керек. Себебі, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауда өндірістік тәжірибе көрсеткіші - 30 пайыз. Алдағы уақытта мұны 50 пайызға дейін көтеру міндеті тұр.
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
Бүгінде әлемде пайдаланылып отырған аграрлық техникалар, технологиялар бар. Соны біздің студенттеріміз сол практикада жүріп,сол техниканы пайдалануға мүмкіндік алып отыр. Сонда осы техникаларды пайдалану қалай іс жүзінде осы техника арқылы жақсы ауыл шаруашылық өнімін алуға болады екенін біздің балаларымыз көзімен жетіп отыр.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы