Осыған орай, Жайық өзенінде ауқымды шеру өткізілді. Арнайы аумақтар жіті бақылауға алынды. 20-дан астам су көліктері өзен бойымен жүзіп өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған игі іс 31 мамырға дейін жалғасады. Өткен жылы аталған науқан нәтижесінде 1136 заң бұзушылық анықталып, 20 тоннаға жуық балық тәркіленді. Акция барысында, өңірдегі өзен-көлдер мен жол тораптары қатаң бақылауға алынып, тексеру бекеттері қойылады.
Арман Молдашев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
Бұл рейдтік шараға шамамен 500 қызмет қатыстырылатын болады. 16 бекет қойылады. Оның бесеуі стационарлық пост, 11-і қозғалмалы.
Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Барлығы екі жылда браконьерлерден киіктің 616 тушасы мен 955 мүйізі, 25 мылтық, 1 205 оқ-дәрі, 18 пышақ пен 19 қолара тәркіленіп, жойылды. Мемлекет пайдасына 14 автокөлік, 3 қаршана мен 1 квадроцикл тәркіленді. Мемлекетке барлығы 1,1 млрд. теңге залал келтіріліп, сот орындаушылармен 12 млн. теңге өндіріліп отыр.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ