«Экстремизмен күрес бұл тек Қазақстан немесе Орта Азия емес күллі дүниені толғандырған мәселе». Стратегиялық зерттеу институты ұйымдастырған жиында осы ой жиі айтылды. Басқосуға алыс-жуық шет мемлекеттерден осы сала мамандары жиылған. Қазіргі заманғы лаңкестердің барлығына ортақ басты анықтама – белгілі бір діни ағымның фанатына айналуы. Мұндай адам нақты бір әлеуметтік топтан бас тартып, қоғаммен байланысын үзіп, жұрт көзінен таса тірлік етуге көшеді. Адамның жалғыз күнде лаңкеске айналмасы анық. Оған дейін адам ауыр күйзеліске ұшырауы және түрлі формадағы әлеуметтік кері бейімдеуге, яғни дезадаптацияға ұрынуы мүмкін.
Алексей Малашенко, «Диалог цивилизаций» ғылыми-зерттеу институтының директоры:
Ұстау. Тыйым салу. Түрмеге жабу. Әзірге біз бұл індетпен тек осылай күресіп келеміз. Ал, оның бұл қадамға не үшін барғанына жауабымыз жоқ. Қатардағы адамнан экстермистер қатарына қайтып қосылғанын әлі толық зерттеген жоқпыз. Бүгінгі, жиында осы төңіректе ой бөлістік.
Ғабит БӨКЕНБАЙ