Мектеп оқулықтарына академик Қаныш Сәтпаев туралы бөлімдер енгізіледі
Мектеп оқулықтарына Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтпаев туралы бөлімдер енгізіледі. Бұл жөнінде Алматыда ғалымның 120 жылдығына орай өткен ауқымды жиында ғалымдар айтты.
Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қаныш Сәтпаев мұражайының өкілдері бірігіп ұйымдастырған шараға Ресей, Тәжікстан, Түркия ғалымдары мен отандық академиктер қатысты. Оқымыстылар ғалымның өнегеге толы өмірі мен еңбек жолын насихаттау арқылы жастарға тәлім-тәрбие беру міндет екендігін жеткізді. Себебі, мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақтың білім-ғылым үйренуге деген қызығушылығын арттырады,- дейді тарихшылар.
Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы:
Ғылымды дамытқанын, ғалымдарға көмек жасағанын былай қойғанда, Қаныш Сатпаев көрші Орта Азия республикаларында құрылып жатқан ғылым академияларымен байланыс жасап, Ресей, Украина, Беларусь елімен тығыз ғылымды дамытуға үлес қосты. Сол уақытта Кеңес одағы бойынша, ғылым жағынан, экономика жағынан Қазақстанның үшінші орында болуы – Қаныш ағамыздың еңбегі.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы