Келер жылы елімізде медициналық сақтандыру міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы елімізде медициналық сақтандыру міндеттеледі

05.04.2019

Әлеуметтік медициналық сақтандыру форматына Қазақстан келер жылдан бастап көшетін болды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия отырысында айтылды. Яғни, көпшілікке медициналық сақтандыру міндеттеледі. Осы мақсатта, қазір денсаулық сақтау жүйесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Десе де өңірлерде дәрігер саны әлі де жеткіліксіз. Әсіресе, Павлодар, Маңғыстау және Түркістан облыстарында маман тапшы. Бұдан бөлек, медицина саласында цифрландыру жүйесі әлі толық жетілмеген.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Региондағы дәрігер өзінің ауруын облысқа жіберсе, я болмаса республикалық деңгейге онкология ауруын жіберсе, оның ары қарай жағдайы қалай болып жатқанын осы цифравизация жүйесінде қадағалай алады.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу