«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде

05.04.2019

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аймақтарда нақты нәтижелер беруде. Мәселен, Қостанай облысында аталмыш бағдарлама арқылы 6 пайыздық жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастаушылар саны көбейіп келеді. Жергілікті халық әуелі «Бастау бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен білім алуда. Одан соң «Еңбек» бағдарламасына қатысып, қаржыландыру механизмдеріне қол жеткізуде. Айта кетейік, аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында 6 %-бен 19 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға болады. Бұл бағдарлама аймақтарда сәтті жүзеге асуда. Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс тобының Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде осы тақырыпты жергілікті жерде кеңінен талқылап, мүмкіндіктер мәселесі пысықталды.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу