Басты Жаңалықтар Қарағандыда мердігерлер 15 жолды өз есебінен қайта жөндейді

Қарағандыда мердігерлер 15 жолды өз есебінен қайта жөндейді

Қарағандыда мердігерлер 15 жолды өз есебінен қайта жөндейді. Қалада 152 жол кепілдік мерзімінде болса, солардың 15-де ой-шұңқырлар, жарықтар  пайда болған. Ал мердігерлер мұны сапасыз битумның кесірі деп отыр.  Өңір басшысы Ерлан Қошанов мердігерлердің бұл уәжі қисынсыз деді. Себебі, асфальт төсердің алдында 5 кезеңді тексеріс жүргізіледі.

Соның бірінде Алматыдағы арнайы ғылыми институтта битумның да сапасы қаралған. Жергілікті билік тек соның қорытындысы бойынша битумды төсеуге рұқсат береді,-деді облыс әкімі. Айта кету керек, қазір жол құрылысына талап бойынша негізінен отандық материалдар қолданылады.

Әзірге ауа- райының қолайсыздығы кедергі болып тұр. Сондықтан жолдар уақытша жамалады.  Ал жер кепкен кезде күрделі жөндеу жасалады.  Жалпы биыл қала ішіндегі ірілі-ұсақты 42 жол жөнделеді,- деп жоспарланған.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Ол бір керемет үлкен ақаулар емес. Оның барлығының өзінің кепілдік мерзімі бар. Мердігерлер өз қаржысына осы сәуір айының үшінші декадасында күн жылынған кезде жөндейді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Бөлісу