Аутист балалар басқа оқушылардан оқшау білім алмауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аутист балалар басқа оқушылардан оқшау білім алмауы тиіс

03.04.2019

Олардың ортақ мектепке барып, қоғамдық ортаның толық мүшесі атануы аса маңызды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында еліміздің білім ошақтарында инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді. Қазір 250 жеткіншекті қамтыған 20 арнайы сынып бар.

Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалардың әрқайсына жекелей мамандар бекітілген. Олар негізгі сабақтан тыс уақытта инклюзияны қолдау кабинетінде әр түрлі дамыту шараларын өткізеді. Осының бәріне мұрындық болған «Болашақ» корпоративтік қоры ұстаздардың халықаралық тәжірибеге сүйеніп,  біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Гүлнар Сатыбалдина, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп директорының орынбасары:

Аутизм, даун, ДЦП туралы өз мамандарымызға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Көбі педагогикалық мамандықтары, қосымша тьютор мамандығында біліктіліктерін арттырған, курстардан өткен.  Аутизм балаларды біз бөлмейміз. Мектептің барлық  шараларына қатысады. Қолдарынан келетін нәрселерін жасайды. Атап айтар болсақ, конкурс, олимпиадаларда жақсы жетістіктерге жетіп жүр.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу