Қазақстан тау-кен өңдеуден алғашқы жиырмалыққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тау-кен өңдеуден алғашқы жиырмалыққа енді

03.04.2019

Қазақстан тау-кен өңдеуші елдер ішінде инвестиция құюға тартымды мемлекеттердің алғашқы жиырмалығына енді. Бүгін, елордада басталған «Майнэкс Қазақстан-2019» форумында осы ақпарат жария болды.

Өткен жылдың өзінде Қазақстан 46 жаңа кен орнын игеруге рұқсат берген. Қазіргі таңда ол жерді шетелдік инвесторлар игеріп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бүгінгі күні ішкі жалпы өнімнің 24%-ын осы тау-кен металлургиясынан түскен табыс құрайды.

Былтыр елімізді кен игерушілерге қатысты жаңа кодекс енгізілді. Бұл  шеттен келетін инвесторларға қосымша стимул болған. Айта кетейік, 10-шы мерейтойлық басқосуға әлемнің ондаған елінен кен саласының  мамандары қатысуда.

 Тимур Тоқтабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

 Қазіргі таңда Қытай бізде өндірілетін металдың 42  %-ын сатып алады. Пайдалы қазбаға деген сұраныс арта түсті. Мыс және полиметалға сұраныс  – жоғары. Оған электромобил мен смартфондардың пайда болуы себеп . Міне, осы жаңа технология үшін жаңа пайдалы қазбаларды талап етіп отыр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ             

Хабарламаларға жазылу