Тараздағы жоғары оқу орындарында студенттерден ақша алған ұстаздардың есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы жоғары оқу орындарында студенттерден ақша алған ұстаздардың есімі белгілі болды

03.04.2019

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде  жастар бірқатар оқытушылардың 2000 мың мен 7000 мың теңге аралығында  ақша алатынын жазған. Тіпті, 21 педогогтың есімі білімгерлер тарапынан бірнеше мәрте аталған.

«Сенім жәшігі» акциясы Тараздағы оқу орындарында  наурыз айынан бастап өтуде. Бүгінге дейін 1777 білімгерлер анонимді анкета толтырып үлгерген. Сауалнама көрсеткендей   1673 білімгер жемқорлық фактілерін кездестірмегенін айтса, 104 студент  жемқорлық деректері  бар екенін көрсеткен.                                                

Равиль Төлебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшыс:

Бүгінгі күнге біз екі университет және төрт колледжді қамтып отырмыз, оның аралық қорытындалыры мұғалімдер арасында кеңес өткізіп,  сонда қорытындыларын жарияладық, бүкіл ұжымды жинақтап, арасынан бағанағы фамилиялары аталған мұғалімдерді тұрғызып, оларға қатаң ескерту жасадық, оқу орындарының басшыларына тиісті шаралар үшін ұсыныстар енгіздік.         

Хабарламаларға жазылу