Корей түбегін ядролық қарудан азат етуде Қазақстан тәжірибесі назарға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корей түбегін ядролық қарудан азат етуде Қазақстан тәжірибесі назарға алынады

03.04.2019

Осы бағыттағы жұмыс елордада шағын жиыннан басталды. Онда ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры, Әлемдік экономика және саясат институты, Корей қорының өкілдері бас қосып, ғаламдық ядролық қауіпсіздік жүйесін талқылады. Корей түбегінде  туындаған дағдарысты шешу үшін бұл елдің белді қайраткерлері Қазақстанның тәжірибесін зерттей бастаған. Өйткені, Қазақ елі кезінде  ядролық қарусыздану шешімін қабылдап, Семей ядролық полигонындағы сынақтарды тоқтатты. Сонымен қатар, біздің мемлекет әлемдік аренада үнемі жаһандық қауіпсіздікті сақтауға және ядролық қарудан бас тартуға үндейтін бастамалар ұсынып келеді.

Сихён Ли, Корей қорының Президенті :

 Өз басым әлемде экономикалық даму бағыты үшін ядролық қарудан бас тартқан жалғыз мемлекетті білемін. Ол – Қазақстан. Біз Корей түбегіндегі шиеленісті жағдайды шешу үшін талпынып жүрміз. Солтүстік Корея қиын, әрі күрделі оқиғаларды бастан кешірді. Ал қазір ядролық қарусыздануға бет бұрды. Бұл орайда Солтүстік Корея да экономикалық даму жолын таңдайды деп сенемін.                                

Хабарламаларға жазылу