Басты Жаңалықтар Қарағанды облысы: Ақжал тұрғындары ауылдағы ақсақалға  асарлатып пәтер алып берді

Қарағанды облысы: Ақжал тұрғындары ауылдағы ақсақалға  асарлатып пәтер алып берді

Қарағанды облысындағы Ақжал кентінің тұрғындары ауылдағы ақсақалға  асарлатып пәтер алып берді.  Себебі, Аманқұл Болтықовтың үйі апатты күйде болатын.  Мүгедек жанның оны жөндеп алуға мүмкіндігі жоқ.

Енді екінші топтағы мүгедек қария жалғыз ұлымен жаңа 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Тұрғындар баспанамен бірге тоңазытқыш, теледидар, электр пеші секілді тұрмыстық техникаларды да сыйлады. Ол үшін 1 миллион 600 мың теңге жұмсаған.

Қажетті қаржыны кәсіпкерлер де, қарапайым жұмыскерлер де жинаған.  Көршілері де қолындағы барын әкеліп, қолғабыс жасауда. Себебі, 70 жасқа толған қарияның ауылға сіңірген еңбегі зор. Ол осындағы кәсіпорындардың бірінде бірнеше жыл ауыр жүк көлігін жүргізген.   

Аманқұл Болтықов, Ақжал кентінің тұрғыны:

Шынын айту керек, ескі үй салқын болған. Бала-шағаны әйтеуір аман-есен алып шықтық, рахмет. Халқыма рахмет. Ел-жұртыма рахмет. Аман-сау болыңыздар.

Жәмилә Жүзбаева, Ақжал кентінің тұрғыны:

Ақсақалдың осындай жағдайын көріп біз өзіміздің жергілікті әкімге шықтық. Ол кісі аудан әкімдігіне шықты. Қуана-қуана қарсы алып, мұндай іске мен тік тұрамын деп, осындай шара ұйымдастырдық. Бұл бастама мінекей, үлкеніміз бар, жасымыз бар, жастарға – жастар, үлкендерге – үлкендер қарап, мейірімділігін ояту.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Бөлісу