Жемқорлыққа дінде де тыйым салынған
Кез келген дінде парақорлық күнә болып саналады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінде өткен дөңгелек үстелде осы мәселе кеңінен талқыланды. Мешіт, шіркеу және тағы басқалары адамдарды рухани дамытудың орталығы.
Бұл жерлерде жемқорлықтың алдын алу, тұрғындарды адал өмірге тәрбиелеу үшін бар мүмкіндік бар. Оны дұрыс пайдалану керек дейді агенттік мамандары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту мәселелері бойынша 300-ден астам семинар да ұйымдастырылған.
Серікбай Қажы Ораз, бас мүфти:
Ислам діні сыбайластықты, жемқорлықты қатаң айыптайды. Құранның аяттары мен хадистерінде ең ауыр күнәлар ретінде харам, тыйым салынған амалдарға жатқыза отырып, параны алушыны да, пара берушіні де және соның ортасына себепкер болып, дәнекер болмақ болған адамды да Алла тағала қатты қарғап, дінімізде айыптайды.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы