Еліміздің 3 өңірінде көктемгі су тасқынының алдын алу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 3 өңірінде көктемгі су тасқынының алдын алу жүріп жатыр

01.04.2019

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин осылай деді. Қазір министрлік мамандары еліміздің 3 өңірінде көктемгі сумен күресіп жатыр. Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосымша құрылымдар жөнелтілген. Теріскейде Сілеті өзенінде су мөлшері көтеріліп келе жатыр. Оған күннің жылынуы және жаңбыр себеп. Өзенге жуық маңдағы бірнеше ауылда алдын алау шаралары өткізілді. Жергілікті тұрғындар ескертілген.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер вице-министрі:

Кеше Ақмола облысының Кенесары елді мекенінің маңында су бөгетінің арнасынан асқаны туралы ақпарат тарады. Аталған гидротехникалық нысаннан ағып шыққан су Хан көліне келіп құйды. Сонымен қоса, Ивановск су қоймасы су тасқынынан қорғап отыр. Қазіргі таңда, Көкшетау мен Иваново елді мекендеріне судан келер еш қауіп жоқ.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу