Ақмола облысының 5 ауданында су басу қаупі әлі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының 5 ауданында су басу қаупі әлі бар

01.04.2019

Ақмола облысының 5 ауданында су басу қаупі әлі бар. 45 елдімекен аса қауіпті аймақта орналасқан. Мамандардың айтуынша, биыл облыстағы ірі өзендердің барлығында су қалыпты мөлшерден асады. Жер бедерінің 90 пайызында әлі қар жатыр.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, соңғы 10 күнде Ақмола облысында қар қарқынды түрде ери бастайды. Ең қауіпті кезең 5-10 сәуір аралығына тура келеді. Азаматтық қорғаныс саласындағы қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Арнайы жедел топтар құрылған. Облыс аумағында жалпы сыйымдылығы 669 миллион текше метр болатын 3 ірі су қоймасы бар. Бүгінде олар су қабылдауды бастады.

Алексей Советов, Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Өкінішке қарай, елді мекендерді су басады деп күтілуде. Сондықтан, барлық шаралар атқарылуда. Қазір қар жылдам еріп жатыр. Кешеден бері қоймаларға су келе бастады. Бір тәулікте Астана су қоймасына 1 миллион 800 мың текше метр, Сілетіге 1 миллион 300 мыңнан астам, ал, Шағалалыға 1 миллион 600 мың текше метр су келді.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу