Елдің әлеуметтік жағдайы түзелсе, мәдениеті де көтеріледі
Бұл - Елбасы - Тұңғыш Президенттің «Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі сөйлеген сөзінен ой түйген өнер майталмандарының пайымы. Олардың сөзінше, ел еңсесін көтеру үшін ең алдымен халықтың тұрмыс-жағдайын түзеу - маңызды. Себебі қазір әлемдік қауымдастық осы заманға сай ғылыми жетістіктердің игіліктерін көріп отыр. Жаңа технологияларды үйреніп, үздік өнертабыстарды білмекке ұмтылған біздің қоғам да уақыттың талабына қарай ұстанымын өзгертіп жатыр. Өйткені қазіргі кезең іркіліссіз үйрену мен өзгеруді талап етеді.
Алматыда сәуір айынан бастап «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 1075 жұмыссыз ана 6 айлық қысқа мерзімдік курс оқиды. Осылайша олар жарты жылдың ішінде тігінші, шаштараз, тәрбиеші, әкімші сияқты 68 мамандық бойынша кәсіп үйренеді. Оларға 16 700 теңге шәкіртақы төленеді. Жұмыссыз жүрген көпбалалы аналарға 15 млн теңгеге дейін шағын несие немесе 505 мың теңге қайтарымсыз грант беріледі.
Аз қамтылған отбасыдан шыққан 9-11 сынып оқушылары «Еңбек» бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білім алады. Үздік оқып, білікті маман атанғандарға шағын несие мен қайтарымсыз грант беріледі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров: «Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі сөздер тек ұран болып қалмай, нақты іспен дәлелдену керек»,- деп есептейді.
Асхат Маемиров, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
- Қай кезде де, қай қоғамда да, қай кезеңде де ең бірінші халықтың әлеуметтік әл-ауқаты арту керек. Әлеуметтік жағдайы дұрысталған кезде кез келген азаматтың бойында өнерге, мәдениетке, руханият, басқа да құндылықтарға деген үлкен қызығушылық одан әрі биіктей түседі.
Өнерден бастау алмаса, тіршіліктің көлі тартылатыны секілді өміріне өнерді серік еткен адам үнемі ізденуді мақсат етеді. Ал, бүгінгі бәсекеге толы әлемдік қоғамдастықта осындай мемлекеттер ғана аламанның шаңына көмілмей көшке ілеседі. Сондықтан пішу өнері мен тігіншілік өнері - заманға қарай түрленуді қажет ететін байырғы өркениеттің бастауында тұрған өнер. Сондықтан қоғамдағы әрбір әйел ең әуелі киім тігіп, тоқыма тоқи білсе, шағын кәсіпорындарға жұмысқа тұруға мүмкіндік туады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы