Әр қала өзінің негізін қалаған адамның есімімен аталу – әділ құбылыс. Елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бір ауыздан дауыс берген қалалық мәслихат депутаттарының пікірі осындай. Астана атауының ресми өзгергеніне де бір аптаға жуықтады. Тарихи шешімнің жай-жапсары қоғамда әлі де қызу талқылануда.
Бұл - ең бірінші маңдайшасы ауысқан мекемелердің бірі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихаты осы ғимаратта отырады. Қалаға Елбасы есімін беруге бір ауыздан дауыс берген қалалық мәслихат депутаттары бұл әділетті шешім екенін айтты.
Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:
- Әр қаланың өзінің негізін қалаған адаммен аталуы заңды, әділ шешім деп білемін.
Қаланың атын Нұр-Сұлтан деп сызықша арқылы жазу да осы мәслихат депутаттарының ұсынысы. Кейін оны ономастикалық комиссия бекітті. Елордалықтардың пікірлері сан аулан.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ