Елорданың сот қызметтері жаңа форматта жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың сот қызметтері жаңа форматта жұмыс істеп жатыр

29.03.2019

Тұңғыш рет электрондық кезек жүйесі енгізілді. Сот отырысына шақыру автоматты түрде жүргізіледі. Тіпті, кейбір сот отырыстарына келмей-ақ, тараптар үйлерінде отырып-ақ онлайн режимде қатыса алады. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қаладағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, сандық жүйенің қызметімен танысты.

ЭКСПО алаңында орналасқан «Цифрлық қызметтер көрсету» орталығындағы бағдарламалар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Содан соң олар Қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жаңа кеңсесіне келді. Мұнда «Астана - адалдық алаңы» жобасы таныстырылды. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес бұл жерде ашық көрініс тапқан. Қызметкерлер отыратын кеңселердің барлығы бэк-кеңсе үлгісінде жасалыпты. Яғни, кабинеттердің барлығы шынымен жабдықталған.

Жазира Жылқышиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

- Біраз мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауысты. Соны көрсеткіміз келді.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу