Тікұшақ апаты: ҰҚКҰ басшылығы көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікұшақ апаты: ҰҚКҰ басшылығы көңіл айтты

28.03.2019

Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарты Ұйымының басшылығы тікұшақ апатында қайтыс болған марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты. Бүгін халықаралық ұйымның Мәскеудегі отырысы, Қазақстандағы қайғылы оқиғаны еске алумен басталды. Ұлттық арнаға берген сұхбатында  ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, әскерилердің қазасын қынжыла қабылдағанын жеткізді.

Валерий Семериков, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарты Ұйымы бас хатшысының міндетін атқарушы:

Қайғылы жағдайға байланысты, мен бүгін таңертең Қазақстанның Қорғаныс министріне көңіл айту хатын жолдадым. Бүгінгі басқосуды да, біз бір минут үнсіздікпен бастадық. 13 бірдей әскери адамның қайтыс болуы, әрине, ауыр жағдай. Сондықтан мен олардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Комиссия апаттың анық-қанығын анықтаған соң, соның нәтижесі бойынша, біздің ұйым да, алдағы уақытта өтетін жаттығуларда қауіпсіздікті барынша сақтау үшін тиісті шара қабылдайды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу