Гүлшара Әбдіқалықова  бастаған жұмыс тобы Ақмола облысына арнайы барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова  бастаған жұмыс тобы Ақмола облысына арнайы барды

28.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық әлеуметтік бастамалары мерзімді әрі сапалы орындалады. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы қатаң бақылауда. Осыдан бір ай бұрын жарияланған «Әлеуметтік қамқорлық шараларын» жүзеге асыру аймақтарда кезек күттірмес шаруаға айналды.

Халықтың табысын көбейтіп, тұрмыс сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстары атқарылуда. Бүгін вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова  бастаған жұмыс тобы Ақмола облысына арнайы барды. Жергілікті халықпен кездесіп азаматтардың мазалаған сұрақтарына жауап берді. Азаматтарға атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін толыққанды түсіндіріп жәрдемақы мен жалақының өсімі жөнінде ақпаратттандырды.  

Лидия Ғаниева, көпбалалы ана:

Біз билік өкілдерімен сұхбаттасу үшін, өзіміздің сұрақтарымызды тікелей қою үшін осы жиынға арнайы келдік. Мысалы, мен барлық мазалаған сұрақтарыма жауап алдым. Әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді.

Атаулы әлеуметтік көмектің өсімі біз секілді отбасылардың көптеген шығындарын жабуға сеп болады. Аналарға жәрдемақымен қоса өз кәсібін бастауға да  мол мүмкіндіктер беріп отырғаны қатты қуантты.  

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу